Accessibility links

Палестиннің сыртқы істер министрі кеше Европа елдерінен бейбітшілік жолындағы күш-жігерге қолдау көрсетуді сұраған.


Германияның сыртқы істер министрі Фишермен Берлиндегі келіссөздерден соң, ол Палестин мен Израил арасында бейбіт қарым-қатынас орнатуда Евроодақтың қолдауы аса қажет болғандығын атап айтқан. Фишер келіссөздерден кейін ешқандай түсініктеме берген жоқ, ол Израил мен Палестиннің бейбіт бітімгершілік өкілдерімен бірнеше мәрте кездескен. Ал кеше Израил әскерлері Батыс жағалауда үш палестиндікті өлтірген.
XS
SM
MD
LG