Accessibility links

Ирақта тағы бір американдық солдат шабуыл құрбаны болды.


Бағдад батысында орналасқан АҚШ әскери базасына өткен түні болған минометтік шабуылда бір солдат опат болып, 34-і жарақаттанған. Бүгін кешкісін Ирақтағы АҚШ әскері тұтқындағы 10 мың кісінің ішінен 100 ирақтыққа кешірім жариялап бостандыққа шығармақ. Ирақтағы АҚШ әкімі Пол Бремер: "біз бүгін одақтастар тұтқындаған жүздеген кісіні бостандыққа шығаруға келісіп отырмыз" деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG