Accessibility links

Қазақстандағы Ресей жылының маңызы қандай болмақ?

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қаңтардың 9-10-ы күндері Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда ресми іс-сапармен болады. Осы сапар аясында Ресейдің Қазақстандағы жылының ресми ашылуы жарияланады деп күтілуде.

Өткен жылы Ресейде Қазақстан жылы болғаны белгілі. Осындай жыл алмасулардың екі мемлекет үшін маңызы қандай болмақ. Осы сұрақты біз қазақстандықтарға қойған едік. Астана тұрғындары Қалымбет және Марат есімді екі азаматтың бұл сұраққа жауаптары мынадай болды. Алдымен өз ойын білдірген Қалымбет былай деді:

- Былтыр өткен Қазақстанның Ресейдегі жылы екі ел арасындағы байланысты нығайтып, тағы бір сатыға көтерді деп санаймын. Өйткені, Қазақстанның көптеген облыстары Ресейдің іргелес жатқан облыстарымен араласып, екі жаққа тиімді экономикалық байланыстар нығайды. Қазақстанды одақтық құрамында болған кезде де орыс халқы дұрыс білмеді. Өйткені, тіпті мектептерде қазақтардың өздері Қазақстан тарихын дұрыс оқыған жоқ. Ал, біз орыс тарихын оқып келдік. Ал, Қазақстанның Ресейдегі жылы орыстарға қазақстанның тарихын да мәдениетін де біршама танытты деп ойлаймын. Ресейдің Қазақстандағы жылы екі жақты қатынастарды тиімді дамытады деп санаймын.

Ал, Марат есімді азамат бұл айтылған пікірлердің кейбірімен келіспейтінін жеткізді: - Мен айтылған пікірге қосыламын. Бірақ кейбір жерлеріне келіспеймін. Ол ресейліктер қазақстандықтарды толық таныды деген пікірге қатысты.Өйткені, Ресейде өткен жылда ресей халықының кішкене бөлігі ғана қатысады, көреді, ал, жалпы қалғандары Қазақстан жайында, тарихы туралы білмейді. Ал, қазақстандағы ресей жылына келсек, ресейді біз былай да білеміз. Ал, бұл жылдың не берерін көре жатармыз.

Қазақстандағы Ресей жылына байланысты парламент депутаттарының да пікірін білген едік. Мәжіліс депутаты Валентин Макалкин, мұндай іс-шаралар қажеттілік болған соң жасаланады деген пікірін айтты.

- Менің пікірімше, бұл Ресейге де Қазақстанға да қажет. Қай жағынан, технологиялық –ғылыми даму, ғаламдану жағдайында қайткенмен де жер азайды. Жекелеген шағын елдер бұрын болғандай мүмкіндіктерді іске асыра алмайды. Сондықтанда ірі аймақтық қалыптасулар кездейсоқ жүріп жатқан жоқ. Ресей мен Қазақстанда өз күштерін біріктіру жайын ойлануы керек, -дейді депутат Валентин Макалкин.

Валентин Макалкин, Ресейдегі Қазақстан жылы өз үлесін қосты, Қазақстандағы Ресей жылы да осындай нәтижесін қосады деп ойлаймын дейді.

Ал, Ресеймен шекаралас жатқан Батыс Қазақстан облысынан Мәжіліс депутаты болып отырған Хайрат Шалабаев, аталған іс-шаралардың маңызы жайында мынаны айтты:

- Егемендік алған жылдары жәй халықты айтпағанда, шекарлас губернаторлардың өздері, Қазақстанда нашар тұрады, олардың малдары ауру, оны кіргізбеу керек, олар бізден тек пайда табу үшін келеді деген пікірлер айтылып қалатын еді. Біздер Ресейдің облыстарының теледидарын көріп отырамыз. Сонда осындайлар айтылып қалатын еді. Президенттердің осылай көтеруінің арқасында бұл бағыт өзгеріп келеді.

Біз микрофон ұсынған басқа да азаматтар аталғандай іс-шаралар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ықпал етеді деген пікірлерді айтты.
XS
SM
MD
LG