Accessibility links

Ресейдің Қазақстандағы жылы орыс қауымдастығына қандай өзгеріс әкелуі мүмкін


Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келуімен Ресейдің Қазақстандағы жылы басталады. Бұл жыл барысында Қазақстандағы орыс қауымдастығының мүшелері өздеріне үнамайтын түрлі мәселелерді шешіп алуды жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, Қазақстандағы орыс қауымдастығының мүшесі Геннадий Беляковтың ойынша, екі ел азаматтарына қос азаматтық енгізу керек.

Бүгінгі таңда ресми мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда тұратын орыс халқының саны 4,5 миллион адамды құрайды. Қазақстандағы «Орыс, славян және казак қоғамдық бірлестіктері» қауымдастығының жетекшісі Геннадий Беляковтың пайымдауынша, Ресейде тұратын қазақ халқының саны да айтарлықтай көп, егер екі ел қос азаматтық енгізсе, бұл орыстарға да, қазақтарға да тиымды болады. Әзірге бұл мәселені Геннадий Беляков көтермеген. Алдымен Геннадий Беляковтың «Отандастар» партиясын тіркеуден өткізіп алмақ ойы бар. Бұл партия тіркеуден өткеннен кейін, қос азаматтық мәслесімен айналаса бастайды.

Ал Ресей және Қытай институтының директоры Камал Бурханов қос азаматтық енгізудің қажеті жоқ, деген ойда.

Камал Бурханов, Ресей және Қытай институтының директоры: - Әр бір адам бір мемлекеттің азаматы болу керек. Қос азаматтық деген мүлдем дұрыс емес. Мысалы, қос азаматтықты Түркіменстан енгізді, соңынан бұл даумен аяқталды. Сол себептен қос азаматтықты енгізу мүмкін емес. Екі азаматтық кейбір азаматтарға беріледі, мысалы, бір мемлекеттің азаматы екінші бір мемлекеттің азаматына тұрмысқа шықса, онда тұрмысқа шыққан азаматқа қос азаматтық беріледі. Мен ойлаймын, Ресейдің азаматтарының барлығы Қазақстан азаматтарына үйленіп жатпайды.

Қазақстандағы орыс қауымдастығының кейбір мүшелері республикадағы орыс тілінің мәртебесін де көтергісіде келеді, бірақ ресми билік бұл Қазақстанның ішкі саясатының жұмысы дегенді айтады.

Камал Бурханов, Ресей және Қытай институтының директоры: - Ресей президенті Қазақстанға келіп, 2004 жыл Ресейдің Қазақстандағы жылы басталғаны жақсы. Себебі осы арқылы екі елдің қарым-қатынасын, достығын одан әрі дамытуға болады.
XS
SM
MD
LG