Accessibility links

Стардаст ғарыш кемесі құйрықты жұлдыздың шаң-тозаңын бойына сіңіріп Жерге оралмақ


АҚШ-тың Стардаст ғарыш кемесі құйрықты жұлдыздың шаң-тозаңын бойына сіңіріп оны Жерге екі жылдан кейін жеткізуі тиіс. Бұл Ай құрамынан кейінгі Жерге жеткізілейін деп отырған екінші ғарыш денесінің құрамы болмақ.

Өткен аптада Жерден 390 миллион шақырым қашықтықта АҚШ-тың Стардаст ғарыш кемесі құйрықты жұлдыздың ізінен өткен кезде шаң-тозаң, мұз және газ қалдықтарымен қоса шағын үлгіні ұстап үлгерді. Ғарыш кемесі Уайлд-2 құйрықты жұлдыздың жар тасты өзегінен 240 шақырым қашықтықта ұшып өтті. Стардасттың ғылыми тобының мүшесі Танасис Экономудың Ассошиэйтед Пресске айтуынша, "бұл жақындасу бұршақ шауып тұрғандағы мәшиненің қозғалысындай, бірақ одан 100 есе ауыр күйде."

Стардаст құйрықты жұлдыздың суреттерін алды, бұл бұрын соңды түсірілген суреттердің ішіндегі ең айқындары. Жұлдыз әлемін зерттеушілер "кірлеген көне қар шеңбер" -деп атайтын құйрықты жұлдыз басқада құралдармен зерттеліп, біздің күн жүйезінің құрылу тегін анықтауға өз себтігін тигізеді.

Британияның Планета-аралық қоғамының ай сайын жарық көретін "Спейсфлайт" журналының бас сарашысының орынбасары Люси Оуэнстың айтуынша : "бұл белгілі құйрықты жұлдыздың үлгілерін әкелу бойынша алғашқы әрекет, ал құйрықты жұлдыздар күн жүйесінде ең жақсы сақталған шикізат түрі. Құйрықты жұлдыздар мен жұлдыздардың жұрнақтары күн жүйесінің өзекті мәселелеріне жауап іздеуге жол ашады."

Құны 200 миллион долларды құрайтын Стардаст ғарыш кемесі теннис таяғы ұқсаған құралмен жабдықталған, ол аэрогель деп аталатын арнаулы көбікпен толтырылған. Стардаст құйрықты жұлдыздың соңынан ұшып барa жатқан кезде аталмыш гель құйрықты жұлдыздың қалдықтарын өзіне сіңірген. Бұл үлгілер ғарыш кемесінің ішінде сақтаулы, Стардаст құйрықты жұлдыздың ізіне түспес алдын ол жолай басқада ғарыш денелерінің үлгілерін жинады. Енді бұл үлгілер жерге 2006-шы жылдың қаңтарынды АҚШ-тың Юта штатындағы қону алаңына әкелінеді.

Ғалымдар кеңдігі 5 шақырымды құрайтын құйрықты жұлдыздың 70 тей айқын суретін зерттеп онда күннен еріген жылтыр мұздағы ойқыштарға назар аударды. Бұл шұрықтардан атқылаған гейзерлер құйрықты жұлдыздың соңына ұшып, бұл газ аралас шаң-тозаң бірнеше шақырымға шұбалып созылып жатыр.

Мүмкіндік Зерттеу Тобының өкілі доктор Ричард Тэйлордың айтуынша, Стардаст алған үлгілер күллі ғаламның шығу тегін анықтау үшін өте қажет.

"Біз қазір білетін кез келген жұлдыздарға қарағанда, алғашқы ғарыш денелері әлде қайда алып болған, олардың жарылулары кезінде көп мөлшерде ауыр элементтер пайда болған, бұл кез келген тіршілік көзіне қажетті элементтер, атап айтқанда: көміртегі, сутегі, азот, оттегі, күкірт және фосфор. Бұл оның не екендігіне қарамастан олар кез келген тіршілік түрінде бар, және олар жеткілікті мөлшерде микроб тіршілігінде де бар, бұл ғаламда осы түрдегі тіршілік пайда болған кезден бері қажетті дүние."

Тэйлордың пайымдауынша, бұндай тірі микробтар құйрықты жұлдыздың өзегінде сақталып ол тіршіліктің күллі күн жүйесіне таралуына себепкер болуы мүмкін. Оның айтуынша, құртақандай тіршілік түрлері біздің күн жүйесіне кіретін ғарыш денелерінің түбінде табылар, олар бұнда радиация мен өзгеде қауіптерден қорғалған. Бір мысал, Жердегі тіршіліктің 56 пайызын микробтар құрайды, әрі олар жер бетінен тереңде тіршілік жасайды.

1999-шы жылы ұшырылған Стардаст ғарыш кемесі Уайлд-2 құйрықты жұлдызпен ұшырасқанына мен бақыттымын,-дейді Тэйлор. Басқада ғалымдар іспетті ол үлгілердің тез жерге жетуін тағаттана күтуде.

Стардаст жобасының менеджері Том Даксберидің айтуынша:

"Біз ғарыш кемесін қамдап оны бес жыл бойы ұшырдық. Бірақ бұл бес жылдан соң, біз өзіміздің күн жүйесінің пайда болған уақытына оралдық."
XS
SM
MD
LG