Accessibility links

2010-жылға қарай бұрынғы Кеңес елдеріндегі темекі шегетін адамдар саны анағұрлым артуы мүмкін.

  • Сәуле ОМАР

2010-жылға қарай бұрынғы кеңес елдеріндегі темекі шегетін адамдардың саны қазіргімен салыстырғанда, анағұрлым артуы мүмкін. Егер осыдан 10 жыл бұрын аталған елдерде темекі өнімдерін пайдаланудың 1жылдық көрсеткіші 300мың тонна болса, 2010-жылы бұл көлем 440 мыңға жетуі ықтимал. Мұндай мәлімет БҰҰ- ның кезекті баяндамасында жария етіліп отыр. Ал Қазақстан тұрғындарының 3/1 бөлігі осы әдетке үйір. ҚР салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 12 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдердің 10 пайызы, 20 мен 29 жас аралығындағылардың 39 пайызы, сондай-ақ, 29 бен 59 жастағы тұрғындардың 62 пайызы темекі өнімдерін пайдаланады. Республика аумағында орналасқан бір ғана Филип Моррис Қазақстан компаниясы жылына 18 млрд темекі өнімдерін саудаға шығарады. ҚР салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының басшысы Айқан Ақанұлы республика тұрғындары арасында темекі шегудің алдын алу бағытында қазірде бірқатар шаралардың қолға алынып жатқанын айтады. «Оның ішінде ең бастысы, 2002- жылдың шілде айында республикада «Шылым шегудің алдын- алу мен шектеу туралы» заңның қабылдануы болса керек» дейді ол. Айқан Ақанұлының айтуына қарағанда, соңғы 2 жыл көлемінде елде шылым шегетін адамдар санының 5- 8 процентке кемігені байқалады. Заң ойдағыдай жұмыс жасаған жағдайда, бұл көлем арта береді деген сенім бар.

Біз осы орайда қарапайым тұрғындардың пікірін білуді жөн көрдік. Сауалнамаға қатысқандардың кейбірі аталған заң жөнінде мүлдем хабарсыз болса, екіншілері заң болғанмен, оның орындалу деңгейі әзірге төмен деген пікір білдірді.

Жалпы алғанда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде темекі пайдаланудан туындаған аурулар салдарынан жыл сайын 4,9 млн-нан астам адам дүниеден өтеді.
XS
SM
MD
LG