Accessibility links

«Тамыр» атты журналдың 10-шы нөмірі жарық көрді

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Қазіргі уақыт өлшеміне салсақ, бұл өміршең журнал. Себебі бүгінгі таңда мәдени басылымдардың ғұмыры қысқа. Бір-екі нөмірден аспайды. Бұған қаражат тапшылығымен қатар, қатаң нарық кезеңінде мәдениетке деген немқұрайдылықты, ескі жүйенің күйреп бітуін атауға болады.

- «Тамыр» өнер, мәдениет, философияға арналған басылым, - дейді журналдың бас редакторы Әуезхан Қодар. - Журналдың мақсаты, Қазақстан және әлем мәдениеті мәселелерінің қазіргі заманға сай шешімін табу.

Өкінішке орай, осыған дейін Сорос-Қазақстан қорының демеу көмегімен жарық көріп келген журнал ендігі жерде мемлекет тарапынан қолдау болмаса, қаражат тапшылығынан тығырыққа тірелетін түрі бар. Журналды шығарушылар осыны ортаға салды.

Осы орайда жазушы Дулат Исабек: - Жаңа бағытқа бет алған біздер дүнияуи мәдениетке, әлемдік өркениетке өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Мәдениеттің көбі шығыстан тараған деген сөз бар, осыны бірте-бірте сыналап жұрт санасына жеткіземіз деген оймен ашылған журнал. Бұл да идеология, - дейді.

Алайда Дулат Исабектің пікірінше, «Тамыр» журналы әлі де соны серпіліс, тың серпін тудыра алмай отыр. Өмірдің ащы шындығына бел шешіп араласпай жатыр. Мемлекеттік мәдени бағытымыз қайда бара жатыр, осыған да белді-белді материалдар жетпей жатыр деген ойын жеткізді.
XS
SM
MD
LG