Accessibility links

Түркия мен Әзірбайжан Армениямен таулы Қарабақ даулы аймағы турасында үшжақты келіссөздер өткізуге әзірлік ниеттерін білдірді.


Әзірбайжанда болғанда Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл өз елінің бұл шиеленісті жағдайдың бейбіт шешімін табуын қалайды деп айтқан. - Өкінішке қарай, Әзірбайжан территориясының 20 процентін Армения иеленген. Қарабақ мәселесі шешілген жоқ. Біз бұл мәселелердің бәрі де Әзірбайжанның территориялық тұтастығын сақтай отырып шешілгенін қалаймыз, - деген ол. Армяндар қолдау көрсеткен күштер таулы Қарабақ айамғынан әзірбайжан күштерін 1994 жылы шығарып тастаған болатын, содан бері келісімдерге қол жеткенімен аймақтың кімге тиесілі жөніндегі мәселе әлі саяси шешімін таппай келеді. Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Түркияның Армениямен келіссөздерге қатысуға ықылас білдіргенін құптап қарсы алған.
XS
SM
MD
LG