Accessibility links

АҚШ үкіметі төніп тұрған террорлық қауіп-қатер артта қалды деп, қауіпсіздік белдеуін жоғары деңгейден бір саты төмен деңгейге түсірді.


Отандық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшы Том Ридж Вашингтонда өткен баспасөз-мәслихатында былай деген: - Бүгінде біз қолда бар мәліметтерге сүйене отырып , қауіпсіздік белдеуін сары түс деңгейіне төмендеттік. Біз әлі де қауіпсіздікке алаңдаулымыз, дегенмен де аса қатты қауіп бұлты бірқатар сейілді деуге болады. Рождество мейрамы алдында АҚШ-та қауіпсіздік белдеуі екінші деңгейдегі қызғылт сары түске дейін көтерілген болатын. Мұндай жүйе 2002 жылдың наурыз айында жарияланғаннан бері ол екінші деңгейдегі сары түстен төмен түсіріліп көрген емес. Террор қаупіне қарсы қауіпсіздік белдеулері жасыл түстен басталып, көк, сары, қызғылт сары және қызыл түстермен өлшенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG