Accessibility links

Кеше Иранға келген Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Тегеранда ресмилермен кездесіп, Ирақтағы күрдтер мәселесі турасында сөйлескен.


Иранның сыртқы істер министрі Камал Харазимен келіссөздерден соң елдердің екеуі де Ирақтың территориялық тұтастығының сақталуына мүдделі екендігін айтқан Түркия министрі. Апта басында Ирақтың Басқарушы кеңесі күрдтердің автономия құру жөніндегі талабы Ирақтың жоғарғы жиыны сайланғаннан кейін 2005 жылы шешіледі деген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG