Accessibility links

Алматылықтар қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алды


Қоғам қайраткері, ірі саяси тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев егерде тірі болса онда осы қаңтардың 12 сі күні 92 жасқа толар еді. Осыған орай Қазақсандағы бірқатар қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың жетекшілері мен өкілдері дүйсенбі күні Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев пен Қонаев көшелері арасындағы Қонаев ескеркіші алдына жиналып, марқұмды еске алып, рухына тағзым етіп, ескеркіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Д.Қонаевты еске алу рәсіміне марқұмның жақын туыстары да қатысты. Бұрынға бас мүфти Рәтбек қажы, әйгілі Аттан –Қазақстан қозғалысының айқайшыл жетекшісі Амантай қажы бастаған топ марқұм Д.Қонаевтың Кеңсайдағы зираты басына барып құран оқып, қайтыпты. Марқұмның туғанына 92 жыл толуын еске алу рәсіміне көршілес Қырғызстаннан да қонақтар қатысты. Қырғызстанның адам құқығын қорғау қозғалысының төрағасы Тұрсынбек Ақун Д. Қонаев ескеркіші алдында Қонаев тек қана қазақ халқына ғана жақсылық істеген адам емес ол сондай-ақ қырғыз халқына да көптеген жақсылықтар істеді, оны қырғыз халқы еш ұмытпайды, - деді.

Марқұмның Алматыда тұратын жақын туыс туғандары жиналған топқа өз ризашылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG