Accessibility links

Буштың ғарыштық ұсынысы : Көрегендік пе, әлде саяси айла-шара ма?


Қаңтардың 14-і күні АҚШ президенті Джордж Буш Марсқа ғарышкерлерді аттандыру үшін Айда тұрақты база салу жөніндегі жаңа ғарыштық ұсынысын жасайды. Құрама Штаттар адамзат баласын тағыда бір қадам ғарышқа самғатпақпа, немесе Вашингтондағы кейбіреулердің айтуынша бұл сайлау алдындағы бедел жинаудың тәсілі ме?

АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі 13 ай бойы 2003-ші жылдың 1-ші ақпанында жерге қонуға келе жатқанда апатқа ұшыраған "Колумбия" ұшағынан айырылған соң ұмыт болғандай әсер қалдырды. Бірақ қаңтардың 3-і күні "Спирит" зерттеу қондырғысының Шағырған жұлдыздың бетіне ойдағыдай қонғаннан кейін НАСА-ның айы оңынан туып отыр. НАСА-ның өклі Шон О'киф өз әріптестерінің қуанышын былайша жеткізді:

"Бұл НАСА үшін ғаламат түн. Біз оралдық. Мен бұл топты мақтан тұтамын және біз Марстамыз. Бұл айтарлықтай жетістік."

НАСА-ның жетістігіне қолдау танытып қаңтардың 14-і күні АҚШ президенті Джордж Буш Марсқа ғарышкерлерді аттандыру үшін Айда тұрақты база салу жөніндегі жаңа ғарыштық ұсынысын жасайды. АҚШ президентінің өз елінің ғарыштық бағдарламасына қолдау көрсету әрекеті бірінші рет емес. Бұны 1989-шы жылы Буштың әкесі үлкен Буш көтеріп, Айға сапарларды жандандыруды ұсынды. Бірақ жалпы құны 400 миллиард долларлық жобаны Конгресс тым көп деп тауып оны бекітпеді.

Буштың кейбір саяси қарсыластарының пікірінше, Бушқа Конгресс оның әкесінің ғарыштық бағдарламасындай бұл жолыда қарсы шығады деп ойлайды. Ол бұл ұсынысын 2 қарашада өтетін жалпы сайлаулар алдында өзін қолдаушылар қатарын толықтыру үшін жасап отыр, - дейді олар.

Вашингтондағы Джордж Вашингтон Университетінің Ғарыш Саясаты Институның басшысы Джон Логсдон бұл пікірмен келіспейді.

"Жақсы, мен бұл анықтамамен келіспеймін. Егер сіз өткен жылғы Колумбияға байланысты Конгрессте өткен тыңдауларды естіген болсаңыз онда мәселеге жаңаша қару ұсынысы үнемі айтылады. Сондықтан мен Конгресстің кейбір мүшелері жаңаша қарауды ұсынатындығына сенімдемен."

Конгрессте бұл мәселе айтыс тартысқа ұшырамайды деп Логсдон ойламайды. Өйткені ғарыштық бағдарлама тым қымбат деп санайтын Конгресс мүшелері бар. Бірақ, Сенат пен төменгі Үйде Бушты қолдаушы Республикандық партияның өкілдері көпшілікті құрайды, сондықтан президенттің ұсынысы қолдау табуы мүмкін - дейді Логсдон.

Ал Вирджиния Университетінің саяси ғалымдар бойынша профессоры Лэрри Сабатоның ойынша, Буштың ғарыштық ұсыныстары тікелей саясатпен байланысты, өйткені ол жаңа ұсыныстары арқылы қараша айында екінші мерзімге өтуге тырысады. НАСА-ның биылғы жылғы бюджетті 15 миллиард доллар. Ал оны күрт көбейту ұсынысы Конгрессте қарсылыққа ұшырауы мүмкін. Өйткені бұл ғаламат қаржылар әлде қайда зәру салаларға жұмсалу керек деп санайтын заңшығарушылар бар,-дейді Сабато.

Оның айтуынша, екінші президенттік мерзімге өткен елбасы өзінің қызметін атқарумен қаттар тарихта қалуында көксейді:

"Президенттер тарихи кітаптарда өздерінің керемет тұлға етіп көрсетілуін жандары сүйеді. Есіңізде болсын, егер бұл іске асырылса, онда ғарышты зерттеуге байланысты келесі 20, 30, 40 жылда тарихшылар былайша жазады:

"Бұл президент Джордж Буштың кезінде 21-ші ғасырдың басында басталды."

"Міне осындайды президенттер ұнатады. Олар өздерінің президенттік мерзімінен гөрі көбірек ғұмыр кешуді қалайды."
XS
SM
MD
LG