Accessibility links

Тәжікстанның Жоғарғы соты осы елдегі басты Ислам оппозициялық партиясы басшысының орынбасарын 16 жылға түрмеге жапты.


Сот өкілдерінің айтуынша, Шамсиддин Шамсиддинов 1992-97-ші азамат соғысы жылдарында наразы жауынгерлерді басқарған. Ол өткен жылдың мамыр айында Согди аймағында тұтқындалған болатын. Аталған партияның тағы үш өкілі де жауапқа тартылған. Осы партия өкілдерінің айтуынша, бұл қылмыстық айыптауларды биліктегілер ойдан шығарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG