Accessibility links

Реформашыл бағыттағы Иран заң шығарушылары Парламент ғимаратында осымен екінші түн бойы отырған күйдегі қарсылық шараларын жалғастыруда.


Бұдан бұрынғы хабарларымызда айтқанымыздай, радикалдық бағыттағы саясаткерлер либералдық бағыттағы үміткерлердің Мәжіліс сайлауларына қатысуына кедергі жасап бағуда. Егер екі жақ теке-тірестерін өзара келісе отырып шеше алмаса, ондай жағдайда мәселеге өзінің араласатындығын елдің рухани көсемі Аятоллах Али Хаменей мәлімдеді. Реформашыл бағыттағы депутаттар ақпанның 20-сына белгіленген сайлауларға бойкот жариялауды жоспарлауда.
XS
SM
MD
LG