Accessibility links

Ирақта американдық әскери тікұшақ құлады


Бұл қаңтар айындағы осындай үшінші апат. Хаббания қаласының маңында болған апатта экипаждың екі мүшесі аман қалды. Фәлуджа қаласында кеше жүздеген адам бір қыз баланың ұсталғанына наразылық танытты. Ол қыз соңыра таман босатылды. Содан кейін Фәлуджа қаласының әкімшілігін күзететін американдық сарбаздарға шабуыл жасалды, атыс барысында екі ирақтық азамат өлтірілді, төртеуі жараланды. Құт қаласында қақтығыс орын алды. Жұмыс талаб етіп наразылық танытқан жүздеген адамды көшеден құғанда украиндық сарбаздар қару қолданды. Бір адам қаза тапты, екі адам жараланды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдадқа кеңесшілердің шағын тобын жолдағалы отырмыз деді. АҚШ президенті Джордж Буш Ирақты қайта қалпына келтіру жобаларына канадалық компаниялар қатыстырылады деді.
XS
SM
MD
LG