Accessibility links

“Азия Даму Банкі Қазақстандағы 2003 жылғы жұмысының қорытындыларын жариялады ”


Қаңтардың 14-і күні Азия Даму Банкісінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Казухико Хигучи Азия Даму банкісінің Қазақстандағы қызметінің 2003 жылғы қорытындыларын жариялады.

Казухико Хигучи мырзаның айтуына қарағанда, 2003 жылы Азия Даму Банкісі Қазақстан үкіметімен бірлесе отырып, Қазақстандағы банктің бағдарламалары мен бастамаларын іске асыру мақсатында нақты шараларын жасаған.

Жалпы Азия Даму Банкі Қазақстанға 1994 жылдан бері техникалық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 23,367 млн. және 501.6 млн. долларды құрайтын жобаларды мен займдарды ұсынған. Қазақстан үкіметіне алдағы 2004-2006 жылдарға Азия Даму Банкісінің елдік стратегиясы мен бағдарламасына сәйкес, осы бағдарлама шеңберінде білім беру мақсатына бағытталған жалпы құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 техникалық көмек жобаларын ұсынуға бағытталған 190 млн. доллар займ ұсыныпты. Аталған бағдарлама шеңберіне табиғи ресурстарды басқару, ауылды сумен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерді аймақтық дамыту, білім беру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кіреді.

Казухико Хигучи мырза Азия Даму Банкі Қазақстандағы 2003-2005 ауылды дамыту жылдарына орай, 2003 жылдың шілдесінен бері үкіметпен тығыз жұмыс жасап келеді. Сондықтан да Азия Даму Банкі ауылдық жерлердегі кедейшілікпен күрес мәселесіне баса назар аударып отыр. Сондай-ақ Азия Даму Банкі ауылды сумен қамтамасыз ету және канализация жұмысын дамыту үшін 34.6 млн займ дайындады. Займды үкімет бекітуге тиіс деді. Казухико Хигучи мырзаның айтуына қарағанда Азия Даму Банкі Қазақстан халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайларында назарында ұстайды. Әлеуметтік салада әсіресе, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы инвестицияларға айырықша назар аударып, білім беру стратегиясын жасау жөнінде, білім саласының реформаларына сай әлеуметтік тұрмысы төмен балалардың жағдайларына да көңіл бөлінді деді.
XS
SM
MD
LG