Accessibility links

АҚШ үкіметінің бұрынғы мүшесі Бушқа нашар баға беріп отыр.


Осыдан бір жыл бұрын орнынан алынған АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі Пол О'Нейллдың кітабі жарық көрді. Онда ол, АҚШ президенті Джордж Буш Ирақ соғысын жүргізуге байланысты бұндай қадамға неге барғандығы туралы тоқталады. О'Нейллдың көтеріп отырған мәселелері қаншалықты маңызға ие, әлде бұл орнынан айырылған өкпелі адамның кек алуы ма?

АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі Пол О'Нейлл өз кітабінда, Ираққа шабуылдау жоспары бірден Буш өз кеңсесіне 2001-ші жылдың қаңтарында отырған күннен басталды,-деп жазды.



Ал әкімшіліктің нұсқауында АҚШ, Ирақтың ядролық, биологиялық және химиялық бағдарламалары болғандықтан әрі 2001-ші жылдың 11-ші қырқүйектегі террорлық шабуылдарды ескеріп бұндай жойқын қарулар терроршылардың қолына түсіп кетпеуі үшін, Ираққа қарсы соғысқа баруға мәжбүр болды делінеді. Әрі қарай өз кітабінда О'Нейлл, өзінің Буш әкімшілігінде және Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс жасаған 23 ай бойы Саддам Хусейіннен қалайша құтылуға болады деген мәселенің үнемі талқыланғандығына назар аударады.



Негізінде 1998-ші жылдан бастап Буштың алдында президент болған Билл Клинтон әкімшілігі Ирақтағы билікті ауыстыру ісін алдыға тартқан. Буш бұл айғақты дүйсенбі күні Мексикада жасаған мәлімдемесінде соғысты бастау туралы шешімнің қашан туындағандығын келтірді.

"Менің әкімшілігімнің Саддам Хусейінге байланысты ұстанған саясатым өте нақты болды. Бұдан алдыңғы әкімшілік сынды біз режимді ауыстыруды құптадық."



Буштың соғыс құмарлығы жалғыз оның кемшілігі емес. О'Нейлл өз естелігінде, Буш жұмысқа немғұрайлы қарайды, мен онымен кездескен кездерімде оның мәселеге өз ойын білдіруін күттім. Оның орнына Буш тек тыңдаумен отыратын да еш пікір алысу болмайтын,-деп, еске алады О'Нейлл.



Ақ үй, О'Нейллдың естеліктеріне байланысты ол Қаржы минстрлігінің жұмысын дұрыстап атқара алмағандықтан өзін ақтап жазып отыр деп, жауап қайтарды. Буш О'Нейллды 2002-ші жылдың желтоқсанында жалпы экономикалық саясаттың өзгеруіне байланысты орнынан алды. О'Нейлл Буш әкімшілігінің 2002-ші жылдың наурызында шетелдік болатқа жоғарғы салықтар салу туралы шешіміне қарсылық танытты. Соңғы айда Буш әкімшілігі бұл салықтарды қайтадан алуға мәжбүр болды.



Американ Университетінің саясат пен саяси кампаниялар бойынша маманданған тарих ғылымдарының профессоры Алан Личтманың айтуынша, О'Нейллдың өкпесіде жоқ емес, бірақ , - дейді ол:

"Бұл өте сирек құбылыс, тіпті жұмыстан кетірілген ресми адамның президентке бұлайша қарауы. Және сондықтан мен бұл жағдайға біршама сеніммен қараймын, өйткені көптеген талдаушылар мынандай түйін түйген еді: соғыс бастау алдын ала шешіліп, ал жойқын қару оған тек сылтау ғана болды."



Личтманың айтуынша, бұл 2-ші қарашада өтетін президенттік сайлаулардың алдында азғана әсер ете алады. Бұны негізгі Демократ үмітекерлер Говард Дин мен генерал Уэсли Кларктар кәдеге жаратар, оларда Ирақ соғысына қарсы.



Ал ұзақ мерзімге қарар болсақ,- дейді Личтман, бұл Буштың қайтадан сайланып кетуіне басты тосқауыл бола алмайды. Ол Рональд Рейганның бірінші 1981 мен 1985-ші жылдар аралығындағы президенттік мерзімі кезінде де ол жұмысқа немғұрайлы қарайды деген сындар айтылғанына назар аударады. Сөйте тұра, Рейган екінші мерзімді үлкен басымдылықпен жеңді емес пе, - деп еске алады Личтман.
XS
SM
MD
LG