Accessibility links

Тәжікістанның Қайта өрлеу Ислам партиясының жетекшісі абақтыға жабылды.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Тәжікістанда Ислам Қайта өрлеу партиясының бір басшысы 16 жыл абақтыға жабылды. Партия басшысы өзіне тағылған бұл айыпты жала деп мойынына алған жоқ. Радиомыздың талдаушысы Брюс Панниер Тәжікістан сотының бұл шешімі алда келе жатқан парламенттік сайлау алдында аталмыш партия беделін түсіру деп жазады.

Тәжікістан Жоғары соты Тәжікістан Ислам қайта өрлеу партиясының төрағасының орынбасары Шамсуддин Шамсуддиновты 16 жыл абақтыға жапты.

Сот оған шекарадан заңсыз адам өткізумен айналысты, көп әйел алды деген екі айыптар тақты. Алайда, Шамсуддинов ол айыптардың бірін де мойындап отырған жоқ. Бұл айыптар жала дейді. Неде болса бұл сот шешімі Ислам қайта өрлеу партиясының беделіне нұқсан келтірді. Бұл партия алдағы 2005 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске үміт артып отырған болатын. Бұл партия қатарынан сотталғандар жалғыз Шамсуддинов емес кісі өлтірді деген айыппен тағы да үш партия мүшесі 16 дан бастап 25 жылға дейін абақтыға жабылды.

Ислам қайта өрлеу партиясының басшылығы Шамсуддиновқа шаң жуытпай қорғауда. Партия төрағасының тағы бір орынбасары Мухиддин Қабиров:

"Менің ойымша оны қате соттады. Бұл оқиағада қателік баршылық. Тіптен ол қарулы топқа қатысқан болса да бүгін де ол ақталған ғой. Қару жұмсаған үкіметтік топтарды да, оппозициялық топтарды да ақтап біз 3 дүркін кешірім жарияламап па едік?"

Тәжікістанда азамат соғысынан кейін 1997 жылғы бейбіт келісім бойынша үкімет оппозицияға үкіметтегі орынның үштен бірін бергені аян. Ал, Тәжікстан Ислам қайта өрлеу партиясы болса оппозицияның басты і партиясы болды. Алайда, Ислам қайта өрлеу партиясы 2000 жылғы парламенттік сайлауда Парламентте біраз орын жоғалтты. Халықтың небары 7,5 пайыз ғана дауысын жинады. Партия төрағасының орынбасары Шамсуддинов өткен жылы мамыр айында тұтқынға алынған болатын. Одан кейін араға ай салып осы партияның жоғары кеңесінің мүшесі Мулло Қасым да тұтқындалды. Дүшанбе қаласының соты Алпомыш Акбаров:

"Мулло Қасым аталынып кеткен Тәжікістан Ислам қайта өрлеу партиясының жоғары кеңесінің мүшесі қажы Қасым Рахим да түрмеде. Ол 13 жасар, 14 жасар, 15 жастардағы жас қыздарды зорлағаны үшін отырғызылған".

Тәжікістан қайта өрлеу партиясының төрағасының хатшысы Хикматулло Сайфуллозада:

"Әрине бұл партия басшылығының беделін түсіретін оқиға. Ислам қайта өрлеу партиясының билік басындағы Демократиялық халық партиясына бақталас екені жұртқа аян", дейді.
XS
SM
MD
LG