Accessibility links

АҚШ Ирақтағы БАҚұралдарының жұмысын реттеуге 250 млн. доллар бөліп отыр

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ирақтағы бұхаралық ахбарат құралдарының жұмысын одан әрі жақсарта түсу мақсатында АҚШ үкіметі 250 млн. доллар көлемінде қаржы бөліп отыр. Ол жобаны іске асыра алар деген сеніммен, бір американдық продюсермен 96 млн. долларлық шартқа да қол қойылуы көзделіп отыр екен.

Ирақтағы АҚШ жетекшілігіндегі уақтынша үкімет алдағы 12 айға, БАҚұралдарының жұмысын жолға қою үшін және оны атқара алатын продюсерге 96 млн долларлық келісім-шарт ұсынып отыр.

Сондай-ақ, алдағы апталарға, тағы да АҚШ бөлген қаржымен, Таяу Шығыс елдеріне тарайтын араб тілді теле хабарлар бағдарламасы жоспарланып қойған.

Оның да көп бөлігі - Ирақ хабарлары. АҚШтың Флорида штатында орналасқан Харрис корпорациясының жетекшісі Хауард Ланстың айтуынша, ирақтық әріптестерімен бірге олар замонауи ақпарат тарату бағдарламасын түзбек.

- Ирақтағы БАҚұралдарын дамыту бойынша, біз жеңген жобада күн сайын радиодан екі, сондай-ақ теледидар бойынша екі арна және бір күнделікті газет жұмысы жоспарланған, - дейді корпорация басшысы.

Хауард Лансытың айтуынша, Ирақта бәрі болып 30 теле-радио хабар таратушы станса, үш студия және 12 бюро жұмыс істейтін болады. Олардың арасында кезінде Саддам Хусейннің ұлы мархұм Ұдей басқарған ұлттық Ал-Сабах газеті де бар.

Өткен сәуірде АҚШ бастаған одақтас күштер Саддам Хусейнді режимнен құлатар кезде алдымен мемлекеттік ахбарат тарату құралдарын қолға алды. Бірақ соғыстан кейінгі Ирақ теледидарының директоры Ахмад ал Рикаби қаржы тапшылығын және өзге де мәселелерді дер кезінде шеше алмай тамыз айында қызметінен кетті.

Ол арада, Рикабидің айтуынша, бәсекелес Ал-Жазира мен Иранның Ал-Алам теле арналары тәулік бойы хабар жүргізіп отырған кезде, Ирақта 16 сағат қана теле хабар тараған.

Мін енді АҚШ қаржысымен іске асатын жаңа жоба бойынша, бұл мәселелер барынша реттеле түспек, дейді Харрис корпорациясының жетекшісі.

- Жаңа жоба бойынша, бізге Ливан хабар тарату корпорациясы көмектесіп, барлық қызметкерлерді дайындықтан өткізбек. Сондай-ақ, Кувейттік компания газет шығаруда ирақтық әріптестеріне жәрдемдеспек, - дейді Хауард Ланс.

Оның айтуынша, қазіргі кезде кез келген елде жаңа хабар мәліметттер еркін тарап жатуы тиіс. Бірақ Ланс шілденің бірінен кейін Ирақтың жаңа егемен үкіметі іске кіріскенде, БАҚұралдары кімнің бақылауында болатындығын білмейді екен. Ал АҚШ Сенатындағы Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Ричард Лугардың пікірінше, Ирақта жаңа үкімет құрылғаннан кейін де ондағы БАҚұралдарына АҚШ мемлекеттік департаменті билік жүргізуі керек сияқты.

Тағы бір жоба бойынша, Вашингтон және Таяу шығыс елдеріндегі бюролардан араб тілінде берілетін теле хабарлар таратылмақ.

- Ол бюроларда бәрі болып, 200дей адам істейтін болады. Ал-Хурра деп аталатын ол теле станса тәулік бойы хабар көрсетеді. Ол бағдарлама бойынша, көрермен СиЭнЭн сықылды күнделікті әлем және жергілікті жаңалықтармен танысатын болады, - дейді АҚШ Хабарлар тарату басқармасынан Джоун Муар.

Ал-Хурраның хабарлары Атлантик мұхитынан бастап Парсы шығанағына дейінгі аймақтағы араб тілді аймаққа тарайды. Ол бағдарлама үшін АҚШ 62 млн. доллар қаржы бөлген. Оның 40 млн.ы Ирақтағы БАҚұралдарының еркін жұмысына арналған.

Сонымен, АҚШтың атсалысуымен, Қатардағы араб тілді Ал-Жазира және Дұбайдағы Ал-Арабия сателитті теле стансаларына лайықты бәсекелес теле арналар дүниеге келе бастады.
XS
SM
MD
LG