Accessibility links

Жоғарғы оқу орындары қауымдастығы Қазақстандағы Білім беру жүйесіне орай тұжырымдаманы талқылады


14 қаңтарда Алматыдағы Ғалымдар үйінің ғимаратында Қазақстанның 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы талқыға салынды. Оны ұйымдастырушылар Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Қауымдастық президенті Рахман Алшанов елдегі білім беру жүйесіне тоқталып, бұл салада реформа жасауды алға тартты.

- Республика Білім және ғылым министрлігі білім беруді дамыту тұжырымдамасын жасап, оған қазір қоғамда талқылау жүріп жатыр, oнда халыққа қатысты нәрсе, соңғы 10-12 жылда білім саласында көп өзгерістер болды, айтыстар да аз болмады. Қазіргі жаңа кезеңде еліміз халықаралық аренаға шығуына байланысты білімнің орны ерекше есептелетін болды. Нарық бәсекесіне шыққалы бері білім негзгі фактор болып тұр, - дейді Рахман Алшанов.

Білім және ғылым министрлігі ұсынған жоба Үкіметтің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жасалған. Тұжырымдамада 2015 жылға дейінгі жоғары білім берудің мақсат, міндеттері мен жолдары көрсетілген.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде бүкіләлемдік бірыңғай кеңістік қалыптасып, өзара бір-бірімен үйлесім тауып, жалпыға ортақ стандарт орнығу үстінде. 1997 жылы Лиссабонда Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесіне орай жоғары оқу орындарының дипломдарын мойындап тану жөнінде Конвенцияға қол қойылды. 1999 жылы 29 Еуропалық елдер Болн декларациясын қабылдады. Осыдан кейін оған 2003 жылы Ресей және басқа Еуропалық мемлекеттер қосылып, олардың саны 40-қа жетті.

Ғалымдар үйінде өткен басқосуда Қазақстанның білім беру саласы да бұл шараны назардан тыс қалдырмауы тиістігі сөз болды. Жаңа тұжырымдамада шетелдік тәжірибені назарға алып, жаңа талаптарға сай әлемдік стандартты қабылдау мәселесі ғалымдар тарпынан қойылды.

Ғалымдар басқосуында Қазақстан кәсіби білім беру қауымдастығының жетекшісі Жантілеу Әзізханов әрбір адам өзінің кейінгі ұрпағының болашағын ойлауы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда көштен қалмай, ілгері жылжуымыз керек. Сондықтан білім беру саласындағы реформаны кешеуілдетпей жүзеге асырған абзал деді.

Қазақстан дамып, ілгері жылжимын десе лайықты, білімді азаматтар керек. Ал білімді өркениетті елдер талабына лайықтап жүзеге асыру заман талабы.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты, қайткен күнде де білім беру жүйесін жақсарту. Ғалымдар бас қосқан Білім беру тұжырымдамасын талқыға салу барысында алдағы жылдары 12 жылдық оқыту жүйесіне көшу мәседесі де сөз болды. Алайда ол жұртшылық тарапынан қарсылыққа тап болып, қызу пікірталас ошағына айналып жүргені бар.
XS
SM
MD
LG