Accessibility links

Бушты Америка құрлығы саммиті салқын қабылдады

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Осы аптада өткен Америка құрылығы басшыларының саммитінде АҚШ президенті Джордж Буш бұл құрлық басшыларын Құрама Штаттар саясатын қолдауға шақырды. Алайда осынау Мексикада өткен саммитте құрлық басшылары Буштың үндеулерін салқын қабылдады.

Латын Америкасының басшыларына Американың еркін сауда, экономикалық реформа жөніндегі саясатын қабылдатамын деп АҚШ президенті Джордж Буш осы аптада Мексикада өткен құрылық саммитінде дау астында қалды. Буш Латын Америкасын экономикалық еркіндікке демократияға шақырумен болды:

"Тек демократиялық үлгілер арқылы ғана біз жарты ғасыр бойы тиранның табанында езілген Куба халқын қолтықтан сүйей аламыз. Америка құрылығында диктатураға орын жоқ."

Алайда саммитте соңғы жылдары әлемдік терроризммен айқасамын деп Латын Америкасынан алыстаған Буш әкімшілігінен бұл аймақ басшыларының да алыстай бастағаны байқалған. Олардың АҚШ әкімшілігінен алыстауына АҚШ түрткі болған Мексикамен Аргентинадағы реформалардың сәтсіздікке ұшырауы да бір себеп болды. Буш еркін саудаға шақырса аймақ басшылары оны өзінше түсінді. АҚШ базарларына баратын Латын Америка тауарларының жолын байлау деп түсінді. Терроризмге байланысты сыртқы саясатында озбырлыққа жол бере бастаған Бүш әкімшілігіне деген қарсылық салқындыққа салқындық қосты. Латын Америкасы бойынша вашингтондық талдаушы Гастон Чиллер:

"Бір жағынан бұ саммит Латын Америкасы мүдделерінен алыстап кеткен Буш әкімшілігіне деген Латын Америкасы басшыларының көңіл-күйін көрсетті."

Осы саммит аясында АҚШ басшылығы құрылықтың 34 еліне ұсыныс жасады. Ол 2005 жылдың қаңтарынан дейін еркін сауда пактіне қол қою жайлы ұсыныс еді. Саммитте Бразиля мен Венесуела басшылары АҚШ –тың бұл ұсынысына қарсы шықты. Талдаушы Чиллер, сондай-ақ, Латын Америкасы құрылығында осы аймақтың экономикалық мешеулігіне Америка қаржы ұйымдары кінәлі деген де пікір бар дейді:

"Бразиля Аргентина Чили елдеріндегі солшыл ағымдар ендігі жерде бұл ел үкіметтерінің 90-шы жылдардағыдай экономикалық жаңа еркіндік саясатына құшақ жая бермейтінін көрсетті."

Бұл саммитте Бушты қолпаштаған Мексика президенті Висенте Фокс болды. Өйткені, осы саммит қарсаңында Буш әкімшілігі АҚШ –дағы заңсыз иммигранттарды заңдастырған болатын. Ол шешімнің пайдасын алдымен АҚШ-дағы миллиондаған мексикандықтар көретін болған.
XS
SM
MD
LG