Accessibility links

Аятолла Әли Хамейни саяси текетіресті басуға шақырды


Ақпан айында Иранда жаңа парламент сайланбақ. Иран сақшылар кеңесі деп аталатын сайлау арқылы іріктелмеген басқару ұйымы үш мыңдай реформиске науқанға қатысуға тиім салды. Сайлаудан алыстатылған бұл азаматтардың сексен шақтысы қазірде парламент депутаты. Олар парламент ғимаратынан шықпай, төртінші күнге бет алған ереуілін жалғастырды. Иран діни басшысы Аятолла Әли Хамейни Иран сақшылар кеңесін дау туғызған шешімді қайта қарауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG