Accessibility links

Ауғанстанда қарусыздандыру бағдарламасы басталды


Ауғанстан қорғаныс министрлігі бүгін жеке жасақтарды қарусыздандыру бағдарламасын бастады. Аса үлкен науқанға НАТО басқаруындағы халықаралық бітімгершілік әскер атсалысып жатыр. Олар ұшақтарға қарсы атылатын зымыраннан бастап танктерге шейін түрлі қаруды қоймаларға қайтаруға бел буды. Басталған науқан Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығындағы үш негізгі науқанға жатады. Бұл – жеке жасақтарды қарусыздандыру, сосын олардың сарбаздарын бейбіт өмірге қайтару мақсаттарын қамтитын бағдарламалар.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG