Accessibility links

Баспасөзге шолу

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Мерзімді басылымдарда, “Азаттық” радиосының тілшісі Жұлдыз Төлеудің соққығы жығылып кеткендігі, Қазақстандағы Ресей жылының басталғандығы туралы және тағы да басқа саяси, әлеуметтік тақырыпқа арналған мақалалар жарық көрген.

“МК в Казахстане” басылымында жарық көрген Сағит Оспановтың мақаласындағы келтірген деректерге қарағанда, Қазақстанға ресми іссапармен келген Ресей президенті өз ұпайын түгендеп кеткенімен, Қазақстан жағы көп мәселеден ұтылып қалған. . Атап айтсақ, Путиннің командасы Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу мерзімін ұзартып алғанымен, Қазақстан бюджетіне 2050 жылға дейін бұл келісімнен түсетін қаржы аса мардымды емес. Мақала авторы 46 жылдан кейін Қазақстан мемлекетіне мол қаржы құйып, Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алуға құлшыныс байқататын басқа бір мемлекеттің табылатындығына күдік келтіреді. Газет тілшісінің айтуынша, Путиннің ресми іссапары барысында 11 құжатқа қол қойылғанымен, Қазақстан жағынан түскен ұсынысатардың ешқайсысы ескерілмеген. Қазақстан жағынан баратын тауарларға қойылатын темір жол тарифтерінің бағасын төмендету туралы ұсыныс та жабулы қазан күйінде қалып қойған. Сол секілді екі ел біріге отырып ОПЕК ке бәсекелес болатын мұнай картелін құру туралы Қазақстан тарапынан түскен ұсыныс та шешімін таппаған. Мақала авторы Қазақстандағы өтетін Ресей жылы, мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығын тамашалаумен ғана тәмәмдалады деп есепетейді.

“Түркістан” басылымының бейсенбілік санында да Гүлбиғаш Омарованың “Қазақстандағы Ресей жылынан не күтеміз?” деген көлемді мақаласы беріліпті. Газет тілшісі Қазақстандағы Ресей жылы Ресейдегі Қазақстан жылындай жаңалық әкеле алмайды деген ой айтады. Оның себебін мақала авторы, бізге Ресейдің мәдениеті, әдебиеті, қоғамдық саяси ойлары дер кезінде жетіп отырғандығымен, , керісінше Ресейде Қазақстан туралы ақпараттың мардымсыз екендігімен түсіндіріп өтеді. Мақала авторының айтуынша, осы жылды пайдаланып, ресейлік кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанды өзімізге қосып алайық деген сыңайдағы дабыл көтеріп жатырған көрінеді.

“Мегаполис” апталығы да Владимир Путиннің Қазақстанға келген ресми іссапарына орай мақалалар топтамасын беріпті. Осы топтама мақалалардың ішінде, әсіресе журналист Ақас Тәжутовтың талдау мақаласы ерекше көңіл аудартқызады. Екі күн бойы Қазақстанды дүрліктірген осы оқиғаны айта келіп, Ақас Тәжутов, Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының бұл маңызды шараға аса үлкен мән бермегендігіне тоқталып өтеді. Мақала авторының айтуынша Владимир Путиннің Қазақстанға келген ресми іссапары тек екінші күні ғана Мәскеуден берілетін жаңалықтардан айтылған. Газет тілшісінің пайымдауынша, Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мемлекетін әлі күнге шейін менсінбей, мұрнын шүйіріп қарайды. “Борис Ельциннің кезінде қалыптасқан осы көзқарас, өкінішке қарай әлі күнге шейін өзгермей отыр” дейді мақала авторы.

“Сөз” газетінде жарық көрген бас редактордың бағанында, ендігі уақытта Қазақстан мемлекетінің басқа елдермен салыстырғанда Ресеймен қарым-қатынасын жақсарта түсетіндігін баяндалыпты. Алайда мақала авторының пайымдауынша,, бұл достықтың артында мемлекет басшысының есепке құрылған, саясаты жатыр. Газет тілшісі екі мемлекеттің басшылары да жеке билігін күшейтуді көздеп отыр деген болжам жасайды.

Ал, “Жас алаш” газеті болса, Қазақстанның Өзбестаннан сатып алатын газының азайғандығын мәлімдепті. Газет тілшісі Шыңғыс Мұқайдың айтуынша, Өзбекстанның Қазақстанға қатысты ұстанған саясаты экономикалық ыңғайдан гөрі бәсекелестікке ұқсайды. Мақалада келтірген деректерге сүйенсек, Өзбекстан мемлекеті басқа елдерге газды көп сатқанымен, Қазақстанның газға төлейтін ақшасының басқа елдерден артық екендігіне қарамастан сараңдық танытып отыр. Газет тілшісінің айтуынша, басқа елдермен салыстырғанда Өзбекстанмен өткізілетін келіссөз өте қиын жүргізіледі екен.

“Время” апталығы болса, газетінің бірінші бетіне таяуда белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен “Азаттық” радиосының тілшісі Жұлдыз Төлеудің суретін берген. Суреттің астында берілген газет тілшісі Ирина Севостянованың мақаласында, Жұлдыз Төлеудің Владимир Путиннің ресми іссапары кезінде соққыға жығылғандығы хабарланған.

“Известия Казахстан” басылымының кезекті санында Татьяна Абраменконың доллардың құнының күн өткен сайын түсіп бара жатқандығына орай талдау мақаласы жарық көріпті.
XS
SM
MD
LG