Accessibility links

“Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қорғау туралы” заң күші бар Жарлыққа өзгеріс енгізілмекші

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Мәжіліс депутаты Нұрбах Рүстемовтің тарапынан ұсынылып отырған Қазақстан Президентінің “Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” заң күші бар Жарлығына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын Парламент Мәжілісі жұмысқа алды.

“Аталмыш заң жобасы “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңға сәйкестендіруге бағытталып отыр”, - дейді осы мәселе бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов.

Қазақстан Президентінің “Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” заң күші бар Жарлықтың 11- бабының 5 -тармағына өзгеріс енгізілмекші.

“Онда Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздері тұрып жатқан тұрғын үйлерді ақысыз беру арқылы жекешелендіру құқығы беріледі деген редакцияда жазылу ұсынылып отыр”, - дейді депутат Тито Сыздықов.

“Отан соғысының ардагерлері туралы” 90-ы жылғы заң бойынша жеңілдіктер берілген. Бірақ онда тұрып жатқан үйлерін жекешелендіруге жатқызу үшін үкіметтік және коллективтік үйлер деп көрсетілген. Екінші мәселе “Тұрғын үй қатынастару туралы” заң бойынша жекешелендіру жергілікті бюджеттің есебімен жүргізледі деген. Бұны алып тастау керек. Өйткені Отан соғысының ардагерлері әуре-сарсаңға түседі. Енді біздің енгізіп отырған өзгеріс бойынша Тұрғын үй қорынан үй ақысыз берілетін болады. қазір тұрып жатқан үйін, яғни үкіметтің меншігінде болған үйді соғыс ардагерлері тегін алу үшін осы өзгерісті енгізіп отырмыз”.

Депутат Сыздықовтың айтуынша аталмыш жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыстарын қажет етпейді
XS
SM
MD
LG