Accessibility links

Ирақ шииттерінің рухани көсемі Аятолла Ал-Систани саясатқа бой ұра бастады


Ирақ шиитерінің рухани көсемі Аятолла Ал-Систанидің жуық арада сайлау өткізуге шақыруы Вашингтон жоспарына керте келіп отыр. Тікелей кездесуге шықпай ылғи да біреу арқылы келіссөз жүргізетін Ал-Систани американдықтар үшін бір жұмбақ тұлға болып келеді.

Бүгінгі Ирақтағы бір жұмбақ діни тұлға ол шиит мұсылмандарының рухани көсемі 75 жасар Аятолла ал-Систани. Ол күллі шиит арасында санаулы беделді тұлғалардың бірі. Бұған дейін ол өзін көзді жұмып құдай жолына берілген саясаттан тыс тұрған жан ретінде көрсетіп келді. Алайда соңғы айларда аятолланың шырқыраған саяси үні шыға бастады. Онда да Ирақтағы Америка жоспарына қарсы үні шыға бастады. Бұл саяси үндеуінде ал-Систани үкіметтегі үлкен лауазымды тұлғалар Америка ұсынған сценарий бойынша емес, жалпыхалықтық сайлау арқылы билікке келуі керек деп шықты. Лондонда тұратын құқық қорғаушы Абдел Сахеб Хаким:

"Бұл әрине ешкім күтпеген жағдай. Оның төңірегінде жүргендер арасында саясатпен шұғылданатындар жоқ болған."

Жалпы шиит қауымы күнделікті тіршілікте аятолланың айтқанымен жүріп, айдағанына көніп дағдыланған. Систани саясаттанар болса онда Ирақтың 60 пайызын құрайтын шиттер түгел саясаттану қауіпі бар. Саддам Хұсейн кезінде билікте болған суниттерден теперіш көріп әбден ашынған шиттер бүгінде билік мәселесінде енді есе жібергісі келмейді.

Сөйтіп саяси үні шыға бастаған шииттер көсемімен Ирақтағы Америка әкімі Пол Бремер кездеспекші болған. Алайда Ал-Систани кездесуден бас тартты. Оның себебі өзінің саясаттан жоғары тұрғанын көрсету делінеді. Тағы да лондондық талдаушы Абдел Сахеб Хаким:

"1920 жылы ағылшын басқыншылары Ирақты басып алғанда да осындай беделді адамдармен кездесуге тырысты. Беделді адамдар болса ағылшындармен кездесуден қашты. Егер олар ағылшындармен кездесер болса, онда халық арасында , а, ол ағылшындардан пара алды деген пікір туады деп қорықты."

Сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Адам Ерели Вашингтон ал-Систани пікірімен санасады деді:

"Ұлы мәртебелі Аятолланы біз Ирақтағы беделді басшы деп білеміз, оны құрметтейміз, оның пікірлерін есепке аламыз."

Ирақтағы АҚШ әкімі Пол Бремер болса осы аптада "біз маусым айына шейін Ирақтың тәуелсіз үкіметін сайлаудың ең тиімді жолдарын іздестіріп жатырмыз" деді.
XS
SM
MD
LG