Accessibility links

АҚШ-тың жаңа нұсқаулары аспандағы қауіпсіздікті жақсарта ала ма?

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Өткен апталарда Құрама Штаттар лаңкестік қауіпіне байланысты ұшақтардағы қауіпсіздікті күшейту үшін жаңа нұсқаулардың тізімін шығарды. Қолға алынар шаралар қатарында жолаушылар аспанға көтерілмес алдын олардың өздерімен құжаттарын бүге-шүгесіне шейін тексеру өткізіп барып ұшаққа отырғызу деген шара бар. Ал АҚШ-қа келуші шетелдік авиакомпанияларға өз ұшақтарында ұшақбикелерге қоса қарулы нөкерлерді жайғастыру ұсынылды.

Жаңа жылдан бастап АҚШ өзіне ұшып келуші Бритиш Эйруэйз, АероМехико және Эйр-Франс сынды компаниялардың ұшақтарын қауіпсіздік шараларына сай тоқтатып тастады. АҚШ-тың Көліктердегі Қауіпсіздік Әкімшілігі әуежайлармен АҚШ-қа ұшып келуші азаматтық ұшақтардағы қауіпсіздік сақтау шараларына байланысты жаңа нұсқаулар шығарды. Соның қатарында жолаушылардың құжаттарымен өздерін бастан аяқ тексеріп, саусақ бедерлерін алып, визаларын қалай алғанын анықтап тіпті сезікті көрінгендерді ұшақтан алып қалып, ал ұшақ ішінде дәретхана маңында бірнеше жолаушының шоғырлануына шейін тиым салады.

Бұл қадамдарды әсіресе АҚШ-тағы мамандар қолдап отыр. Ал жолаушылар сау-саламат жетуі үшін қосымша тергеулер мен тінтулерге көнген сыңайда. Еуропалық талдаушылардың кейбірінің пікірінше бұл шаралар қаншалқты тиімді. Олардың пікірінше, бұл саясаткерлердің қоғамдық алаңдаушылықты тудыру арқылы өздеріне бедел жинау немесе соңғы кезде қарқынды дамып келе жатқан қауіпсіздік сақтау саласы өндірісінің пайда табуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады.

АҚШ-тық апталық Авиация саласының "Хоумланд Секьюрити энд Дефенс" басылымының сарашысы Харви Саймонның айтуынша, бұл Жолаушыларды Компьютер арқылы Экрандауға Көмек беру бағдарламасы деп аталады. Аталмыш бағдарлама жолаушылардың аты жөнін, туған күнін, мекен жайын, несие карталары мен төл құжат нөмірлерін, визаның жай-жапсарын және басқада қолда бар ақпараттарға сүйеніп лаңкестікте сезіктілердің тізімімен салыстырып сүзгіден өткізеді. Әрбір жолаушыға әртүрлі бояу түріндегі код беріледі, мысалы жасылмен белгіленген адам еркін өте алады, сары түспен анықталған жан қосымша тексеруге ұшырайды, ал қызыл белгі қойылған кісі ұшаққа мүлде кіргізілмейді.

Ұшақ нөкерлер қауіпсіздікті күшейтеді деп санайды Саймон. Ал "Әуе жайдың қауіпсіздігі: Талаптар және Технологиялар" атты кітаптың ауторы британдық маман Крис Ейтс ұшақ нөкерлерінің тиімділігіне өз күмәнын келтіреді.

"Қарулы адамның 35 мың фут биіктікте жабық ортада ұшақ ішінде отыруы бұл өте қауіпті шара. Ұшақ нөкерінің сезікті адамның жанында отырып оны залалсыздандыруының мүмкіндігі нолге тең. Және ұшақты талқандауды көздеген лаңкес болса өзін ұшақ нөкерден қорғану үшін жан ұшырып аманатқа адамдарды алуы мүмкін. Мына мен аманатқа алынған тірі қалқан болғым келмейді."

Ейтс барлық қауіпсіздік шаралары жолаушылар ұшаққа кірмес алдын әуе жайда жасалу керек деп санайды. Ол сондай-ақ, Жолаушыларды Компьютер арқылы Экрандауға Көмек беру бағдарламасына да күмәнмен қарайды, өйткені бұл жүйе бейкүнә жолаушыларды жолдан қалдырып жол азабына душар етті, - дейді. Сондықтан ең басты күш жолаушылардың жүктері мен өздерін тексере алатын дәргерлік тамограф сынды ұсақ нәрселердің түр түсін анықтайтын технологияларға сүйену қажет,- дейді Ейтс.

Ал Харви Саймонның айтуынша, АҚШ-тағы барлық тексеру шаралaрына қарамастан жолаушысыз жөнелтілетін жүктердің мәселесі соңына шейін өз шешімін таба алмай отыр.

"Таяуда бір жағдай болды, тасымалдаушы компанияда істеуші бір кісі өз ата-анасын сағынып өз үйіне жетпек үшін қорап ішіне отырып ұшақпен сапар шекті. Ол өз мақсатына жетіп оны ешкім анықтай алмады. Сонда сіз өзіңізді қорапқа салсаңыз, сіз қорап ішіне бомба сала алмайсыз ба?"

АҚШ-тың Көліктердегі Қауіпсіздік Әкімшілігі әуежайларда жыл аяғына шейін инеге шейін анықтайтын тексеруші құралдармен жабдықтамақ. Бірақ бұндай қауіпсіздік шараларын қабылдаған күннің өзінде лаңкес ұшаққа иыққа салынатын қол зымран қондырғысымен шабуыл жасай алады. 2002-ші жыл Кенияда құлаған израильдік ұшақ осылайша атып түсірілді.

Ал АҚШ-тың жолаушылар ұшақ алдындағы дәретханада кезекке тұрмауы керек деген теріс талап, - дейді Ейтс. Өйткені ұзақ қашықтықта ұшатын жолаушылар тапжылмай отырулар себебінен олардың аяқтарының күре тамырлары ұйыиды, әрі ұшақбикелер ауық-ауық әкелетін сусындардан қуықтары сыздайды. Сондықтан олардың ұшақ ішінде бой жазуы заңды құбылыс, - дейді ол. 2001-ші жылдың 9 айдың 11-і күнінен бастап лаңкестердің шабуылдарынан қорғану саласына мұқият қарушылық пен азаматтық құқықтар арасында бір тепе-теңдік сақталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG