Accessibility links

Пекинде ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосты

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қаңтардың 15-і күні Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа осы ұйымға мүше алты елдің сыртқы істер министрлері қатысты.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерін қабылдады. Бұл жайындағы ақпарат Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен алынды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің бірінші хатшысы Мұхтар Кәрібайдың айтуынша, аталған кездесу барысында министрлер бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізген.

- 2004 жылғы маусымда Ташкентте болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті қарсаңында өңірлік антитеррорлық құрылымның атқару комитетінің ресми ашылуын өткізу жөніндегі Өзбекстан тарапының ұсынысына қолдау білдірілді. Осы кездесу барысында 2003 жылғы мамырда Мәскеуде өткен Саммиттің шешімдерін іске асыруға байланысты мәселелер, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары отырысын өткізу мерзімі туралы сұрақтар қарастырылды. Өзбекстан тарапы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Мемлекет басшыларының отырысын 2004 жылы 11 маусымда Ташкент қаласында өткізу туралы ұсыныс жасады.

Министрлер ұйым шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру мен дамыту үшін нақты шаралар қабылдаудың айрықша мәнін атап өтті. Сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастық туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Келісім жобасын дайындау жұмыстары аяқталды. Осы құжатқа қол қою және оны іске асыру Орталық Азия өңірінде, сондай-ақ халықаралық кең тұрғыда қауіпсіздік пен тұрлаулылықты қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқаратын болады. Осы кездесу барысында Мәскеуде кездесуде қабылданған шешімдерді нақты жүзеге асыру ретінде биылғы жылғы қаңтарда Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының ашылуын, сондай-ақ Ташкентте Өңірлік антитеррорлық құрылым комитетінің жұмыс істей бастағандығы туралы пікірлері бір жерден шықты. Осы екі құрылымның үлкен саяси мәні бар екендігі аталып отыр,
- деді Мұхтар Кәрібай

Мұхтар Кәрібайдың айтуынша, қаңтардың 15-і күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрімен кездесіп, онда қазақ-қытай қарым-қатынасының бірқатар мәселелері қарастырылған.
XS
SM
MD
LG