Accessibility links

Сенатор Кеннеди президент Бушты Ирақ соғысы үшін айыптайды


Ирақ соғысы бұл өз республикашылар партиясының сайлауда табысқа жетуі мақсатында президент Буштың ойлап тапқан саяси бағдарламасы, деп айыптайды бұрыңғы АҚШ президенттерінің бірінің туған інісі сенатор Эдвард Кеннеди. 2004-жыл АҚШтағы президенттік сайлау жылы. Осы жылдың алғашқы айының тең ортасында бұрыңғы президенттердің бірінің інісі сенатор Эдвард Кеннеди қызмет басындағы президент Джордж Бушқа өзінің ашу-ызалы шабуылын жасады.

- Президент Буш американдықтарды Ирақ соғысына кіргізіп, ол тірлігімен саяси ұпай жинамақ болды, - деп айыптады.

Эдуард Кеннеди - АҚШ Конгресіндегі ардагер демократ жетекшілердің бірі. Сенатор Кеннеди өзінің бұл ойларын Вашингтондағы Америка Даму орталығында болғанда айтқан.

Оның айтуынша, президент Буштан Ирақтың бұрыңғы президенті Саддам Хұсейнде жойқын қарулар шын мәнінде бар болған ба, әлде жәй болжам ба? – деп сұрағанда,

- Президент Буш,- Онда тұрған не бар, бәрібір емес пе? деп жауап айтады. Ал мен , Жоқ, президент мырза, Сіздің соғысқа бару бармауыңызда үлкен мән бар. АҚШ президентінің халықты соғысқа тарту үшін жалған идеология, өтірік ақпараттан пайдалануға құқығы жоқ. Бұл ісімен президент үкімет пен халық арасындағы сенімді жояды. Егер Конгресс пен америка халқы нағыз шындықты білгенде Ирақ соғысына ешқашан бармаған болар еді, - дедім, дейді Сенатор Кеннеди.

Сенатордың айтуынша, президент американдықтарды алдап, 2001-жылғы қыркүйек шабуылын соғыс ашу үшін пайдаланған. Ал бұл АҚШ тың сыртқы саясатында бұрын-соңды болмаған үлкен қате, - дейді Эдуард Кеннеди. Ирақ соғысында соңғы 9 жарым айда 500 американдық қаза тапты.

42 жылдық сенаторлық стажы бар Кеннедидің айтуынша, бұл соғыс 2002 және 2004 жылғы президенттік, конгресстік және губернаторлық сайлауларда жеңіске жету үшін Буш әкімшілігінің ойлап тапқан саяси шарасы.

Оның айтуынша, Ирақ қаупі жөніндегі соғысқа дейінгі айтылған қауіп-қатердің біреуі де дәлелденбеді. Олар – Ирақта химбиологиялық жойқын қарулар бар, Ирақ ядролық қарулар жасап шығармақ, Саддам Хұсейн Осама бин Ладенмен сыбайлас, ал Америкаға 2001-ші жылы террорлық шабуыл жасағандар сол Ладеннің Ал Қайдашылары, деген айыптар еді.

Сенатор Кеннедидің пікірінше, - Бұл соғыс Американы бүкіл әлемге жеккөрінішті етті, әсіресе Ислам елдеріне. Ал оның кесірінен, біздің халқымыз енді қай жерде болса да соғыс шабуылына икемделе бастады.

Сенатор сондай-ақ, бұрыңғы Қаржы министрі Пол О.Нейлді өзінің жаңа кітабында ақиқат, шындықты жазғандығы үшін шын көңілден арнайы атап өтеді. О.Нейлдің жазуынша, Ирақ соғысы АҚШтағы 2001-жылғы қыркүйек шабуылынан әлде қайда бұрын жоспарланып қойылған екен. Ал ондай шындық әкімшілікке қалайша ұнасын. Қорғаныс министрі Рамсфельд, Буш Ирақ соғысы жөніндегі шешімге, бүкіл әлемдік жағдайды түгел қарастырып алғаннан соң, 2003-жылы наурызда келді, дейді.

Буш және оның маңайындағы вице президент Чейни, Қорғаныс министрі Рамсфельд және оның орынбасары Вольфович Конгресті топтарға бөліп, американдықтардың назарын нашар экономикадан басқа жақа бұрып, түбінде сайлауда жеңіске жету үшін Ирақ соғысына барды, дейді сенатор.

Бірақ өкілдер палатасынан республикан Том Дилей, сенатор Кеннедидің бұл айтқандары президентке шабуыл, оның отаншылдық сезімін қорлау, депті.
XS
SM
MD
LG