Accessibility links

АҚШ Ирақ шиитерінің шерулеріне мазасызданып отырған жоқ


Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер Басра қаласындағы ондаған мың азаматтың ереуіліне Джордж Буш әкімшілігінің көзқарасын осылайша кеше сипаттады. Шиит мұсылмандарының шерулері демократиялық табиғи көрініс ретінде қабылданды. АҚШ әкімшілігі Ирақ билігін ирақтықтардың қолына беру жолдарын іске қатысты барлық тараптармен қызу талқылап жатыр. Жоспар маусым айында жүзеге асу керек. Ирақ шиит мұсылмандарының басшысы Аятолла Әли Ас Систани уақытша үкіметті орнату керек емес деп, жақтастарын көшеге шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG