Accessibility links

Қазақстан «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» мәслихатын жоғары бағалады


"Шанхай ынтымақтастық ұйымының" Пекиндегі сессиясын Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев "тарихи оқиға" деп сипаттады Ресейдің "Итар-тасс" агенттігіне берген сұхбатында. "Терроризмге қарсы күреске аса үлкен мән беріп отырмыз",- деді Қасымжомарт Тоқаев. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына" мүше Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларының кездесуі енді Тәшкентте 11 маусымда өткізілмек. Мұның қарсаңында Тәшкентте терроризмге қарсы соғысатын ортақ жасақтың бас кеңсесі салтанатты түрде ашылмақ.
XS
SM
MD
LG