Accessibility links

Қазақстаннан Қытайға қайтарылған үш ұйғыр азаматы өліммен жазаланыпты


Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасының Орталық Азия елдерінде жан сауғалап жүрген ұйғыр азаматтарын Қытайға қайтармауға үндеу айтылды, деп хабарлайды Бишкектен "Франс пресс" агенттігі. Себебі өлім жазасына тап болатын азаматтарды ұстап беру халықаралық тәртіпке жатпайды. Мұндай мәлімдемені кеше Қырғызстан құқыққорғаушылары айтты. Қазақстан үкіметі жақында Қытай сақшыларына Хамит Мамат, Илияр Зордан және Қисым Махпид деген үш ұйғыр азаматын ұстап берген екен. Бұлардың барлығы Қытайда өліммен жазаланды. Орталық Азия үкіметтері Қытай билігімен жақындасу барысында "ұйғыр діни экстремизмі" деген сылтауды кеңінен айта бастады, дейді қырғыз құқыққорғаушылары.
XS
SM
MD
LG