Accessibility links

Сергей Дувановтың жартылай бостандыққа шыққанына қатысты түсінбестік жағдайлар туындауда

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандағы өкілдігі осы ұйымның қызметкері Сергей Дуванов төңірегінде орын алған жағдайға байланысты журналистердің басын қосты. Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен 3,5 жыл бас бостандығынан айрылып, жазасының үштен бірін өтеген Сергей Дувановқа жартылай кешірім жасалып, жазасының қалған бөлігін шектеулі түрдегі бостандықта өтеуге мүмкіндік берілген болатын.

Осыған байланысты үйіне шығып, тиісінше Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Алматыдағы өкілдігінде жұмыс істей бастаған Сергей Дувановқа қатысты түсініксіз жәйттер қалыптасуда дейді осы бюроның басшылары.

- Біз жұма күні жедел түрде журналистерді шақырып, баспасөз мәслихатын өткізуге себеп болған жағдай, Дуванов төңірегінде соңғы бірнеше күнде түсініксіз әрекеттер орын алғандығынан. Бұл арада осы оқиғалардың артында кімдер тұр және олар не істемек болғаны түсініксіз, - дейді Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы Қазақстандың өкілдігінің жетекшісі Е.Жовтис. – Қазақстан түрме жүйесін реформалауда алға шыға бастағандай еді. Бірақ оған үлкен күмән бар.

Бюро өкілдерінің айтуынша, Сергей Дуванов жартылай бостандыққа шыққанымен, басқан ізі қадағалауда, үйінен алыстап ешқайда бармауы тиіс. Таңертең өзі барып тиісті орындарға көрініп қайтса, ал кешкісін телефон арқылы тағы да ешқайда кетпегенін білдіріп отырады.

Мұның бәрі әрине, заң бойынша орынды шығар, алайда күні кеше Дувановты қайтадан қамап тастауға әрекеттенгені Адам құқын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюро өкілдері тарапынан наразылық тудырды. Осы бюроның басшылары араласып, мән-жайды түсіндірген соң екі сағаттан кейін ол қайтадан үйінде тұруға мүмкіндік алды. Дуванов заң бойынша жартылай бостандыққа шықты. Енді оған бомашы кінә тағып, қайтада абақтыға тыға салу тіпті ақылға симайды, деге пікірлер айтылды.

- Бюроның барлық өкілдері Дувановқа қатысты оқиғаны тұрақты түрде қадағалап, мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар, мыңдаған адам заңсыз түрде азапқа түсіп, қиналып жатқан фактілер бар. Өздерін ұрып-соғып, азаптаудан қорлыққа шыдамағандары аурушаң болып қалуда. Көбі амалдарының жоқтығынан боратып хат жазуда, солардың біразын сіздерге таратып отырмыз, - деді бюро жетекшісінің орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова.
XS
SM
MD
LG