Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әкімі Вашингтонда АКШ президентімен кездеспек.


Ирақтағы АҚШ әкімі Пол Бремер бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Джордж Бушпен кездеседі. Кеше Ирақтың Басра қаласында ондаған мың кісі қатысқан шеру өтті. Шеру Ирақ үкіметін Америка ұсынысымен емес, тікелей сайлау керек деген ұран көтерді. Ирақ үкіметін сайлаудағы Америка жоспарына қарсылық шииттер көсемі Аятолла Али Ал-Систанидің тез арада жалпы халықтық сайлау өткізу керек деген үндеуінен кейін басталды. Алайда Пол Бремер уақыттың аз қалғандығынан 30 маусымнанға дейін Ирақта сайлау өткізу мүмкін емес деп отыр.
XS
SM
MD
LG