Accessibility links

Жуырда Ирақтың оңтүстігінен Дания әскерилері тапқан минаатқыштың оқтарынан улы заттар табылмады.


БАҒДАД: Жуырда Ирақтың оңтүстігінен Дания әскерилері тапқан минаатқыштың оқтарында улы заттар жоқ. Дания әскерінің басшылығы хабарлағандай, АҚШ лабораторияларында жасалған зерттеу осыны анықтаған. Бастапқыда Басра қаласының іргесінен табылған минаатқыштың әлгі 36 оғында улайтын заттар бар ма деп топшыланды. Оқтар 80-інші жылдардың басындағы Иран-Ирақ соғысы кезінде шығарылғанға тәрізді.
XS
SM
MD
LG