Accessibility links

Аджарияның ішкі істер министрлігіне қарасты төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Тимури Инаишвили жексенбі күні кешкісін Батумиде оққа ұшты.


БАТУМИ: Аджарияның ішкі істер министрлігіне қарасты төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Тимури Инаишвили жексенбі күні кешкісін Батумиде оққа ұшты. Аджарияның ішкі істер министрі Джемали Гогитидзе хабарлағандай, Инаишвили көшеде тапаншадан атып өлтірілген. Қылмыскер әзірше қолға түспеген. Бірнеше жыл бұрын әлгі шенеунекке тағы бір қастандық жасалып, одан Инаишвилидің бір отбасы мүшесі қаза болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG