Accessibility links

Таяуда шартты түрде бостандық алған белгілі журналист Сергей Дуванов абақтыға қайта отырғызылды деген Франс Пресс агенттігінің хабарын оның адвокаты Е.Жовтис жоққа шығарды.


АЛМАТЫ: Франс Пресс агеттігінің хабарлауынша, 15 жастағы қыз баланы зорлады деген айыппен сотталып, таяуда ғана шартты түрде бостандық алған белгілі журналист Сергей Дуванов абақтыға қайта отырғызылған. Оның адвокаты әрі адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Қазақстан бюросының директоры Евгений Жовтис “Азаттық” Радиосына бүгін берген сұхбатында Франс Пресс агенттігінің бұл хабарын түбегейлі жоққа шығарды. Оның айтуынша, ондай хабарды алғаш рет Алматыдағы “31 арна” телекомпаниясы өткен жұма күні кешкі жаңалықтарында берген. Оның артынша Е.Жовтиске Франс Пресстің тілшісі телефон соғып, ақпардың рас-жалғандығын сұраған. Дәл сол сәтте Сергей Дувановтың сымсыз телефон істемей тұрған. Әйтсе де араға бір сағат салып қайта соққанында, Сергей үйінде отырған болып шыққан.
XS
SM
MD
LG