Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соты “Петропавл су” кәсіпорнына 834 мың теңгелік айыппұл салды.


ПЕТРОПАВЛОВСК: Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соты “Петропавл су” кәсіпорнына қоршаған ортаға нұқсан келтіргені үшін 834 мың теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық басқарма сот мекемесіне осындай шағым түсірді. Өткен жылдың мамыр айында “Петропавл су” кәсіпорны қалдықтарын төгетін Есіл өзенінің суынан химиялық анализ алынғанда, одан ауыр металдар мен химиялық тұздардың құрамы нормадан бірнеше асып кеткені анықталған.
XS
SM
MD
LG