Accessibility links

Әлем мұсылмандары орамал тартуға тиым салған француздар қағидасына қарсы шерулерге шықты

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Франция және Еуропдағы бір қатар мемлекеттерде мұсылман қауымы өкілдері шеру, митингілерге шығып, мектептерде, оқу орындарында қыздардың бас орамал тартуына қарсы жаңа тәртіп орнатпақ болған Франция қағидасына қарсы наразылық шараларын ұйымдастырды.

Тілшіміздің хабарлағанындай, сенбі және жексенбі күндері Франция мен батыс Еуропадағы бір қатар елдердің астаналарында , бір неше үлкен қалаларда наразылық шеру-митингілері болып өткен.

Жиналған қауым мектептерде, оқу орындарында мұсылман қыздарының орамал тартуына тиым салмақ болған француздардың заңсыз әрекеттерімен өз келіспейтіндігін білдіріп, ондай ережеге мойынсынбайтындықтарын білдірген. Француздар мұсылман қыздардың орамалымен қатар, еурейлердің төбе тақиялары және християндардың крест тағуына да тиым салыпты.

Ондай тиым шараларына қарсы шыққан халық Британия, Ливан, Мысыр және Йорданиядағы Франция елшіліктері алдына келіп, өз наразылықтарын білдіріп, шағым айтқан. Сондай-ақ, мұндай шерулер Бағдадта, Кашмирде және Израильдің Батыс Жағалауындағы қала-аудандарда да болып өткен. Франция астанасы Париждің орталық көшелерімен орамалдарын жалаулатып 3 мыңдай адам шерулеткен.

- Біз өз ағамыз, немесе жұбайларымызды емес, басымызды орап жүретін , таңып алатын орамалды өзімізбен алап жүргенді қалаймыз, - деп ұрандатады ол әйел-қыздар.

Қыздардың бас орамалдарына тиым салуды Франция президенті Жақ Шырақ ұсыныпты. Ал оған себеп Франция әсірешіл ісләмшілдердің бас көтеруінен қорқатын сықылды.

Франция үкіметі оқу орындарында діни мәні бар кез келген символдарға қарсы көрінеді. Олардың ішінде бас киімдер де бар екен. Сонымен зайырлы ел саясатын ұстана тұрып, Франция алдағы қыркүйек айынан бастап орта мектептерде қыздардың орамал тартып жүруіне тиым салмақ.

Сонымен, көптеген Ислам елдері жетекшілерінің пікірінше, Франция өзінің бұл қағидасымен ол елдегі 5 млндай мұсылман қауымының ар-намысына тимек.

Париждегі шеруге қатысқан мұсылмандардың айтуынша, бұл қағида Франция дәстүріне тән азаттық, еркіндік, теңдік ережелеріне қарама-қайшы шара.

- Біздің орамал тағып жүруіміз азаттық, бостандық, теңдік және туысқандықтың тамаша бір белгісі. Ал оған қарсы болу бұл біздің инсани – адамдық намысымызға тигені болады.

Неге біреулер шонтиған қысқа көйлек кисе болады да, бізге орамал тағуға мүмкін емес екен ?
- дейді бір бойжеткен ашу-ызасын жасырмай.

Кейбіреулердің пікірінше, бұл қағида діни өзара төзімділікке ықпал жасайды екен.

- Француздардың бұл зайырлы қағидасы атеистік қадам емес, керісінше християн, еурейлермен өзара төзімділік, түсіністік жағдайда тірлік жасауға ықпал етуге әрекет қана, - дейді ол қыз.

Франциядағы бұл тиым салуға орай, наразылық шерулеріне, алдағы кезде, АҚШ пен Канаданың бір қатар қалаларында да жұрт ұрандатып шықпақ.
XS
SM
MD
LG