Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіндегі ресми сапары жалғасуда


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары қаңтардың 18 і күні басталған болатын. Сол күні Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігінің президенті Заед Аль Нахянмен кездескен. Екі ел президенттері Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық өзекті мәселер төңірегінде сөйлесіп, ой бөлісті.

Кешкісін Қазақстан президенті Н.Назарбаев Абу-Даби қаласында өткен Қазақстандық кәсіпкерленр мен БАӘ нің кәсіпкерлері арасындағы біріккен бизнес форумға қатысып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасаған.

Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен бірге БАӘ -не еріп барған 50 шақты қазақстандық кәсіпкерлердің бірі, Алматыда орналасқан Ерке-Нұр фирмасының президенті Талғат Мамырұлы Азаттық радиосына берген сұхбатында бизнес форумның өте жоғары деңгейде, жақсы дайындықпен өтілгендігін хабарлады.

Қаңтардың 19 ы күні президент Н.Назарбаев Дубайдағы халықаралық қаржы орталығының басшыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізуде. Ал қазақстандық кәсіпкерлер Абу-Даби және Дубай қаларымен танысу саяхатын бастап, сондағы ірі кәсіпорындармен зауыт, фабрика жұмыстарымен жақын танысу арқылы екі елге пайдалы жұмыстар жасау мүмкіндіктерін қарастыру үшін түрлі кездесулер де өткізуде.
XS
SM
MD
LG