Accessibility links

Қостанайда телефон лаңкестігімен айналысты деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Сақшылардың ақпаратына сәйкес, Қостанай қаласының апаттан қорғау қызметіне телефон қоңырауын шалған әлдебіреу "Юнона" кафесіне жарылғыш зат қойылғандығын хабарлайды. Саперлік жұмыстарды жүзеге асыру үшін кафеге келушілерді көшіруге мәжбүр болған сақшылар бірақ жарылғыш затты таба алмады. Оқиғаның мән-жайын анықтаған Қостанай қалалық Ішкі Істер Бөлімінің жедел тобы телефон лаңкесін ұстады. Сөйтсе, жалған ақпарат беріп жұртты дүрліктіріп жүрген 1939-жылғы зейнеткер болып шықты. Сондай-ақ, осындай тағы бір телефон лаңкесі Маңғыстау облысында ұсталды. Сақшылардың хабарлауынша, Маңқышлақ бекетіне қоңырау шалған біреу онда жарылғыш зат құрылғанын жеткізген. Сақшылар оны іздестіру үшін бекет ғимаратынан 60 адамды басқа жаққа көшірді. Жақсылыққа қарай жарылғаш зат табылған жоқ. Сақшылар телефон шалған осы бекеттің 44 жастағы тұрғыны, "Нұр" компаниясының бас есепшісі екенін анықтады. Қазір күдікті ұсталып, тергеу жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG