Accessibility links

Қарағанды облыстық монополияға қарсы департаменті нан бағасын өз еркімен көтерудің фактісін анықтады


Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы нан-тоқаш өнімдерін өндіруші - «Сарыарқа-нан» Ашық Акционерлік Қоғамы монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол беріп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында облыстық табиғи монполияларды үйлестіру және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментінен хабарлады. Департамент жүргізген тексеру барысында нан бағасын өз еркімен көтеру фактісі анықталған. Департамент тарапынан берілген ұйғарымға сәйкес, «Сарыарқа-нан» ААҚ-ы 1,2 миллион теңге көлемінде монполиялық табысты тұтынушыларға қайтаруы керек.. Департаменттен хабарлағанындай, бүгінгі күнде облыс бойынша нан бағасын көтеруге бір ғана өтініш берілген. Теміртаудағы өндіруші «Бидай-нан» Ашық Акционерлік Қоғамы 0,55 киләлік бидай нанының бағасын 23-тен 26 теңгеге көтермек. Бұл өтініш бір айдың ішінде қаралады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG