Accessibility links

Қазақстанның «Азық-түлік корпорациясы» мемлекеттік қорға астық сатып алу және коммерциялық сатып алу жөніндегі жоспарды 76 пайызға орындады.


Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ауыл шаруашылық министрлігі жер шаруашылығы департаментінің директоры Арман Ебінеев хабарлады.. «2004 жылғы қаңтардың 6-сындағы жағдай бойынша, Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы мемлекеттік қорға және коммерциялық сатып алу бойынша 1 миллиард 798 мың тонна астық сатып алды», - деді Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі өз сөзінде. А.Ебінеевтің айтуынша, жоспардың орындалмауына Украина, Ресей, ТМД-ның басқа да елдері мен шет елдердің тарапынан астыққа деген сұраныстың артуы салдарынан сатып алу бағасының өсуі себеп болып отыр. А.Ебінеевтің айтуынша, «республикалық ауылшаруашылық құрылымдарында биылғы жылғы егін егу жұмыстарын толық көлемде атқаруға мүмкіндік беретін тұқымның жеткілікті қоры бар».
XS
SM
MD
LG