Accessibility links

Сырдариядан Шардара су қоймасына келетін су көлемі азайғанмен ахуал әлі де күрделі күйінде қалып отыр.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне "Оңтүстік су шаруашылығы " Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнынан хабарлады. Шардара су қоймасына ағып келетін су көлемі секундына 200 текше метрге азайып, 19-қаңтардағы жағдаймен 1 280 текше метрді құрап отыр. Су қоймасының жобалық көлемі 5,2 млрд. текше метрді құрайтын болса, оның қазіргі толу деңгейі 4,785 млрд. текше метрге жетіп отыр. Сырдария арнасымен секундына 700 текше метр, Қызылқұм каналына секундына 70 текше метр, Арнасай ойпатына секундына 370 текше метр су жіберілуде. Сырдария арнасына жіберілетін су көлемін арттыруға мүмкіндік болмай отыр. Ал күн суытып, өзен қатса, Қызылорданың маңы су астында қалу қаупі бар. Сондай-ақ, қоймадағы су деңгейінің көтерілуіне тосқауыл қоюмен ғана шектелмей, көктемгі су тасқынына орын қалдыру қажеттілігі де туындап отыр.
XS
SM
MD
LG