Accessibility links

Бүгін Қазақстан Сенатында адамның дамуы жөніндегі 2003-інші жылға арналған Ұлттық есептің тұсау кесер рәсімі мен талқылауы өтеді.


АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламентінің Сенатында адамның дамуы жөніндегі 2003-інші жылға арналған “Су – Қазақстандағы адам дамуының негізгі факторы” деп аталатын Ұлттық есептің тұсау кесер рәсімі мен талқылауы өтеді. Оған парламент депутаттары, үкімет пен президент әкімшілігінің және үкіметтік емес ұйымдарың өкілдері қатысып, БҰҰ-ының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Ф.Акшора мен бағдарламаның үйлестірушісі Ф.Османова мемлекеттің дамуына су ресурстарының ықпалы жайында әңгімелеп бермек. Осы күні, сондай-ақ, Сенат төрағасы О.Әбдікәрімов пен Мәжіліс спикері Ж.Тұяқбай Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Меһмет Шынарды қабылдайды.
XS
SM
MD
LG