Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіндегі ресми сапары аяқталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне жасаған 3 күндік ресми сапары қаңтардың 20 і күні түстен кейін аяқталды.

Қаңтардың 19 ы күні Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігінің президенті Заед Аль Нахянмен кездескен. Екі ел президенттері Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық өзекті мәселер төңірегінде сөйлесіп, ой бөлісті.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев Абу-Даби қаласында өткен Қазақстандық кәсіпкерлер мен БАӘ нің кәсіпкерлері арасындағы біріккен бизнес форумға қатысып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасаған. Абу-Даби қаласында қазақстанда жасалған өнімдердің сауда-көрме орталығын ашу туралы екі жақ ұағдаластыққа қол жеткізген. Ал сондай-ақ Астанада Абу-Дабидің сауда орталығын ашу туралы да екі жақ келіскен.

Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен бірге БАӘ -не еріп барған 50 шақты қазақстандық кәсіпкерлердің бірі, Алматыда орналасқан Ерке-Нұр фирмасының президенті Талғат Мамырұлы Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстан делегациясының БАӘ індегі сапары өте жоғары деңгейде, жақсы дайындықпен өтілгендігін хабарлады.

Қаңтардың 19 ы күні қазақстандық іскер топ өкілдері Дубай әмірлігінің маңайында орналасқан Жебел Али еркін экономикалық аймағының жұмысымен танысқан. Көлемі жүз шаршы шақырым жерді алып жатқан бұл еркін экономикалық аймақта 2900 ге жуық трансұлттық компаниялар жұмыс істейді екен. Осы жолғы Қазақстан президентінің БАӘ іне жасаған ресми сапар қортындысында екі жақ екі ел арасындағы қарым қатынасты жаңа белеске, жаңа сатыға көтеруге серпін беретін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Сонымен президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан делегеациясы сейсенбі күні түстен кейін БАӘ дегі ресми сапарын аяқтап, Қазақстанға оралуға бет алды.
XS
SM
MD
LG