Accessibility links

Қазақстандағы адам дамуы туралы сегізінші Ұлттық Есеп елдегі су қорларының проблемаларына арналды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қаңтардың 20-ы күні Қазақстан Парламентінде «Су – Қазақстандағы адам дамуының негізгі факторы»-Адам дамуы туралы Ұлтық Есептің тұсау кесер рәсімі өтті. Қазақстандағы адам дамуы туралы сегізінші Ұлттық Есеп елдегі су қорларының проблемаларына арналды. Осы проблемалар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан кешенді қаралды. Есепте ел аумағындағы және аймақтар бойынша орналасқан су қорларының көлемдері мен сапасына баға берілді.

Қазақстан үкіметі 2010 жылға дейінгі кезеңді қамтитын ауыз су бағдарламасын қабылдаған болатын.

Президент Әкімшілігінің Жүйелі зерттеу орталығының директоры Азамат Әбдімамыновтың айтуынша, осы бағдарламға сәйкес 2010 жылға дейін сумен қамтамасыз етудің инфрақұрылымдарын жаңартуға 115 миллиард теңге қаржы жұмсау жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің айтуынша, әлемнің басқа елдері секілді Қазақстанда да сумен қамтамасыз ету ісі қатардағы мәселе емес.

«Республиканың климатикалық жағдайына қарай ел аумағының көп бөлігі су қорларымен жеткілікті қамтылмаған. Елдегі ең ірі өзендер трансшекаралық. Бүгінгі бағдарламада тарнсшекаралық өзендер проблемасы қамтылмаған. Су қорларының жартысы трансшекаралық өзендер. Сондықтанда біз осы су қорларының есебінен мемлекетті, экономиканы сумен қамтамасыз етудің шараларын қолданудамыз. Осы мақсатта Ресей Федерациясымен 1992 жылы келісімге отырдық. Ол тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі күні трансшекарлық суды бөлісуде Ресеймен арада проблема жоқ Қытай бірінші рет осындай келісімді Қзаақстанмен жасады. Қазақстан үшін бұл аса маңызды.Бұл Ертіс және Іле өзендері бойынша», - деді Су ресусртары жөніндегі комитеттің төрағасы Анатолий Рябцев.

Анатолий Рябцевтің айтуынша, су шаруашылығы саласында елде шешілмеген мәселелер жетерлік.
XS
SM
MD
LG