Accessibility links

Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» Заңына өзгерістер ұсынылып отыр

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Шет ел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алуына бақылауды күшейту мақсатында Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» Заңына өзгерістер ұсынылып отыр. Қаңтардың 20-і күні Қазақстан Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің депутаттары осы өзгерістерді тақылады.

Отырысқа Әділет, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты.

Мәжіліс депутаты Амангелді Айталының айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер, ең бірінші кезекте асырап алуға бала берген тұста сол мемлекет пен Қазақстан мемлекеті арасында келісім болуы керектігін қарастырады.

Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар да қаралған. Депутат Амангелді Айталының айтуынша, бұл өзгерістер шетел азаматының бала асырап алуын тоқтатпайды. Дегенмен заңды бір ағымға қояды деген пікір айтылып отыр. Ал, Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңыровтың айтуынша, қолданыстағы заңның кемшілігі бар.

- Сот шешімі шығып, шетелге балалар кетіп жатыр. Мысалы сол балаларға зорлық жасалатын болса, елге қайтарып алатын заң жоқ, - деді Уәлихан Қоңыров.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің бақылауында шетел азаматтары асырап алған 1300 бала бар.

Құзырлы орындардың қатысуымен заң жобасын талқылау қаңтардың 22-і күні жалғасады.
XS
SM
MD
LG