Accessibility links

Сейсенбіде Бағдадта шеруге шыққан мыңдаған шеит-мұсылманы тікелей сайлау өткізу туралы бұрынғы талабына қоса, енді Саддам Хусеинді дарға асуды талап етуде.


ВАШИНГТОН: Билікті Ирақтың өтпелі үкіметіне маусым айының соңында беру туралы бұрынғы жоспарды АҚШ пен Ирақтың Басқару кеңесі әлі де қолдайды. Кеңес басшылығымен АҚШ президентінің кездесуінен соң мемлекеттік хатшы К.Пауэлл мен Кеңес мүшесі Абдул әл-Хәкім осылай деп хабарлады. Әйтсе де Әл-Хәкім жаппай сайлауды ертерек өткізу қажеттігін атап көрсетті. Вашингтон уақытша ассамблеяны шақырып, өтпелі үкіметті жасақтауды ұсынып отыр. Ал Бағдадта тікелей сайлау өткізуді және С.Хусеинді дарға асуды талап еткен жаңа шерулер өтті.
XS
SM
MD
LG