Accessibility links

Кеден одағы мен ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығы құрылғаннан бергі 68 халықаралық келісімнің 57-сі күшіне енген, қалған 11 келісімді барлық елдер түгел орнындамай отыр.


АЛМАТЫ: ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығы Интеграциялық комитетінің 22 қаңтарда Мәскеуде өтетін 16 мәжілісінде 28 мәселе қаралмақ, деп хабарлайды ҚазААГ. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Комитет Хатшылығы қол қойылған келісімдер бойынша мемлекеттердің ішкі міндеттерін орындауы барысынан құлақтандырмақ. Дәл қазір алдымен Кеден одағы, кешірек ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығы құрылғаннан бергі 68 халықаралық келісімнің 57-сі күшіне енген, қалған 11 келісімнен туатын міндеттерді барлық елдер әлі орнындай қоймаған.
XS
SM
MD
LG